Сапасыз жөндеу жүргізілген мердігерді әкімдік сотқа берді

761

Жұмысына салғырт қараған мердігер компанияның ісі сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды Atameken Business.    

Сапасыз жөндеу жүргізілген мердігерді әкімдік сотқа берді

Қарағанды облысында "Дәнекер" ЖШС-і жүргізген жөндеу жұмыстары сапасыз болып, тұрғындар наразылығын тудырған болатын.

Біздің арна тілшілері бұл мәселені көтеріп, өткен аптада арнайы материал да әзірледі.

Нәтижесінде құрылыс компаниясы Қаражал қаласы әкімідігі тарапынан қаңтардың 24-іне дейін барлық олқылықтарды түзетуге міндеттелген.

Алайда баяғы жартас – сол жартас күйінде қалған. Бүгін кент тұрғындары мәселе жабулы қазан күйінде қалғанын айтып, арнамызға қайта шағымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу