Сәпиевке қатысты жанжал: Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

470

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Сәпиевке қатысты жанжал: Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады Фото: gov.kz

Қарағанды облысының әкімдігі Спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Спорт басқармасына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты жұмыс режимінде қызмет атқарып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу