Сара Назарбаева ауруханадан шықты

241

Өзге ақпараттар дәрігерлік құпия ережесіне сәйкес жария етілмейді.

Сара Назарбаева ауруханадан шықты Фото: kursiv.media

Сара Назарбаева Президент іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен (бұрынғы атауы – Совминка) шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медициналық мекеме таратқан мәліметке сәйкес, пациент емдеу курсынан толық өтіп, 2026 жылдың қаңтар айында дәрігерлердің амбулаториялық бақылауына жіберілген.

"Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу тәсілдері мен нәтижелері туралы өзге ақпараттар Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді", – деп мәлімдеді аурухана өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу