Үкімет қаулысына сәйкес, "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл институт соңғы екі жылда жұмыс бағытын өзгертіп, ребрендинг жасаған болатын. Оған дейін ол Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты деп аталып келді.
Аталған институт 2021 жылы Сара Назарбаева негізін қалаған "Бөбек" қорының жанынан ашылған болатын. Институттың негізгі миссиясы – "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу болды. Ал Қазақстанда "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатты.
Ендігі уақытта "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесіне жәрдем берумен айналысады.
Оның негізі мақсаты – қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің деңгейіне дейін арттыру.