Аурухана барлық медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес жүргізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 273-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес науқастың диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер медициналық құпияға жататын мәлімет болып саналады. Мұндай деректерге қол жеткізу емделушінің келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана мүмкін болады", - деп хабарлады ауруханадан.
Медициналық ұйымдардың жеке медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялылықты қатаң сақтауға міндетті екендігі атап өтілді.
Ақпаратты құпия сақтау туралы шешім тек науқастың мүддесі үшін қабылданған.