Сарайшық көпіріндегі жөндеу жұмыстары айдың соңына дейін жүргізіледі

641

Автомобиль көпіріне осыдан 12 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сарайшық көпіріндегі жөндеу жұмыстары айдың соңына дейін жүргізіледі

Осы уақыт ішінде үлкен трафиктің арқасында көпірде жарықтар мен шұңқырлар пайда болды. Осыған байланысты, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында Мәңгілік Ел даңғылы - Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығының учаскесінде автомобиль көпірін орташа жөндеу басталды, деп жазады inbusiness.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні бетонды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде, одан кейін ақаулар анықталған жерлерге бетон қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, көпірді жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзартылады.

Айта кету керек, көпірде жүру ыңғайлы болу үшін екі бағытта да қозғалыс сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу