Бұл ретте мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов сол жағалаудағы Сарайшық көшесінің атауын Жұмабек Тәшенов деп ауыстыруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін депутат жаңа ауданға Жұмабек Тәшенов есімін беруді ұсынған екен.
"Бұған дейін де Алматы ауданы құрылды, Алматы көшесі болды, Сарыарқа ауданы мен Сарыарқа даңғылы бар. Өзге өңірлерде де қайталанатын атаулар бар. Сондықтан көше атын ауыстыру —күн тәртібінде тұрған жоқ. Сарайшықтың саяси-идеялық маңыздылығын ескере отырып, жаңа аудан атауы ретінде таңдадық. Ономастика заңдылығы бойынша кісі есімі елдімекенге, ауданға, қалаға берілмейді", — деп жауап берді Астана тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Сәкен Есіркеп елордада Ж. Тәшенов атындағы көше мен мектеп бар екенін, мектепте музей мен ескерткіші ашылғанын еске салды.
Ал депутат бір қалаға Сарайшық атауы көбейіп кеткенін, сондықтан қазіргі Сарайшық көшесін Тәшенов есіміне ауыстыру бастамасын көтерді.