Саран қаласы тарихта алғаш рет бюджетке едәуір салық түсіріп жатыр

121

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. 

Саран қаласы тарихта алғаш рет бюджетке едәуір салық түсіріп жатыр Фото: freepik

Саран қаласы моноқала тізімінен шығарылып, тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қарағанды облысындағы индустриялық жаңғырту саласындағы табысты бастама Саран қаласында жүзеге асты. Бүгінде ол Үкіметтің қолдауымен қала экономикасын әртараптандырудың жарқын үлгісіне айналғанын айтқым келеді. Ол моноқала мәртебесінен шығарылып, алғаш рет тарихта айтарлықтай салықтық түсімдер бере бастады. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 93,2%-ы өңдеу саласына тиесілі. Бұл ең алдымен Saran индустриалды аймағын дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі таңда 400 млрд теңге көлемінде 9 жоба іске асырылып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жүзеге асырылған жобалардың арасында облыс әкімі автобус шығару, автомобиль дөңгелектері мен тұрмыстық техника өндіретін зауыттарды ерекше атап өтті.

"Президенттің тапсырмасы бойынша бұл тәжірибе біздің облысымыздың басқа моноқалаларында – Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай қалаларында да енгізілуде", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу