Саран қаласында танкке Z белгісін салып қойған

966

Полиция  Z  белгісін салған 54 жастағы тұрғынды анықтады.  

Саран қаласында танкке Z белгісін салып қойған

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы танкке тұрғынның бірі Z  белгісін бояумен салып кетті. Бұл танк қаланың орталық көшесіндегі саябақта ескерткіш ретінде орналасқан. Тұрғындар бұл белгіні әлеуметтік желіге таратып "соғысқұмар тұрғынды табу керек" деп наразы болды. Бейнежазба тарап кеткен соң Саран қаласының әкімдігі мамандары бұл белгіні өшіріп тастады.

Қазіргі уақытта полиция Z әрпін салып кеткен тұрғынды тауып алғанын хабарлады. Ол Саран қаласының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала тұрғынының қандай мақсатпен аталмыш белгіні салғаны беймәлім.

"Анықталған тұрғынға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабы бойынша хаттама толтырылды. Әрі қарай шешім қабылдану үшін материал әкімшіліктік сотқа жолданатын болады", - деп мәлімдеді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу