Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

314

Қала әкімінің міндетін кім атқарады?

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды Фото: www.gov.kz

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Ол жайлы Қарағанды облысының әкімдігінде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еркін Баулықов Саран қаласының әкімі лауазымына тағайындалғанына көп болған жоқ. Бұл қызметке ол 2023 жылғы 21 қыркүйекте кіріскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу