Саранда автобус және шина шығаратын екі зауыт ашылады

834

Бұл моноқалада 2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Саранда автобус және шина шығаратын екі зауыт ашылады

Қазақстан машина жасаушылар форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов алдағы жылдары Саран қаласында тағы екі зауыт бой көтеретінін мәлімдеді. 

"Саран моноқаласын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту үшін жаңа типті автобустар мен Yutong арнайы техникасын шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, шина шығаратын зауыт құрылысын бастау туралы келісімге қол қойылды", – деді министр. 

Оның сөзінше кәсіпорын жеңіл көліктер үшін жылына 3 млн, ал коммерциялық техника мен автобустарға арнап 0,5 млн шина шығарады. Тек осы екі жоба Саран қаласында 2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

"Бұл 2 мың отбасы жұмыспен қамтылады деген сөз. Демек, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу