Саранда электр энергиясының тарифі қайта қаралуы мүмкін

542

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті хабарлады.  

Саранда электр энергиясының тарифі қайта қаралуы мүмкін Фото: strategy2050.kz

Біздің телеарнаның эфирінде материал шыққаннан кейін Саран қаласы тұрғындарының мәселесіне шенеуніктер назар аударды, деп хабарлайды Atameken Business.

Адамдар электр энергиясының төлемі көрсетілген түбіртектердегі күрт өскен сомаға шағымданған.

Тұрғындардың сөзінше, соңғы айларда олар орта есеппен 20 мың теңгеден көп төлейді. Соңғы рет Саран қаласында жарық тарифі былтырғы қыркүйек айында көтерілген. Бүгінде ол 18.7 теңгені құрап отыр.

Салыстырар болсақ, Қарағанды қаласының тұрғындары бір киловатт үшін 4 теңгеге аз төлейді.

Мамандардың айтуынша, тергеуді бастау үшін тұрғындар департаментке өтінішпен жүгінуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу