Саранда тазалық акцияларына белсенді қатысқандарға киноға билет беріледі

967

Қарағанды облысы Саран қаласында тазалық орнатуды жылдамдату үшін ынталандыру шарасы ойлап табылды.

Саранда тазалық акцияларына белсенді қатысқандарға киноға билет беріледі

Саран қаласының әкімі Ержан Темірхановтың айтуынша, қалада "Таза аула", "Тату көршілер", "Бірге жасаймыз", "Қасбетті жаңарту" секілді бірнеше акция жарияланған екен. Сенбіліктер барысында тұрғындардың жинаған ірі көлемді қоқыстарын жинау үшін әкімдік арнайы техникалар бөледі, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.  

Ал ең белсенді қатысушыларды қала басшылығы міндетті түрде атап өтеді. "Бірге жасаймыз" акциясының жеңімпаздары сыйлық ретінде кинотеатрға билет алады. Ол үшін тұрғындар "Сенбілікке дейін және кейін" деген тақырыпта бейнероликтер жасап, оларды Instagram желісінде орналастыруға тиіс. Комиссия тазалық жұмысының нәтижелерін сараптап, өз бағасын береді. Осылайша жеңімпаздар анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу