Саранда жаңа шина зауыты салынады

1166

Жоба аясында мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 

Саранда жаңа шина зауыты салынады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек "Татнефть" ЖАҚ басшылығымен Саран қаласындағы бұрынғы РТБ зауыты аумағында жаңа кәсіпорын салу бойынша инвестициялық меморандумға қол қойды, деп хабардайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Автомобиль шиналарын шығару жобасы 2022 жылы іске қосылады деп күтілуде. Жоспарлы қуаттылығы - жеңіл техникаға арналған 3 млн шина және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Қарағанды өндірісінің өнімі Қазақстанда шығарылатын автомобильдердің бастапқы жиынтықтамасына, қайталама нарыққа, сондай-ақ жақын шетелдерге экспортқа жіберілетін болады.

Қарағанды облысының билігі инвесторға Саран қаласының индустриялық аймағының аумағында газ шығарып, қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, жер телімін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу