Сарапшы: 2019 жылы Қазақстан Қарулы Күштеріне 701 млрд теңге бөлінген

1075

Қазақстан әскері халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. "Atameken Business" арнасына Ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы Қазыбек Майгельдинов осылай дейді.

Сарапшы: 2019 жылы Қазақстан Қарулы Күштеріне 701 млрд теңге бөлінген

Сарапшының айтуынша, Қарулы Күштерді қаржыландыру үшін де жылда бюджеттен қажетті деңгейде қаражат бөлінеді. Мәселен, былтырғы қаражат 709 млрд теңгені құраған. Ал биыл бұл сома 26 млрд теңгеге кеміпті. Дегенмен, жалпылай алғанда бұл әскери құрылымы күшті елдермен салыстыруға сәйкес келетін деңгейде емес. Сондықтан жүйені де державалармен теңестіруге болмайды. Оның үстіне, қазақ әскері ешқандай соғыс алаңына тартылмайды. Мұнда Қазыбек Майгельдинов Таяу Шығыс пен Карабах текетірестерін меңзейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу