Сарапшы: Бензин бағасы 11%-ға қымбаттамайды

1618

Үкімет бұйрығы кеше күшіне енсе де, бекеттердің бірі де бағаны өзгертпеді.

Сарапшы: Бензин бағасы 11%-ға қымбаттамайды Фото: vyksavkurse.ru

Бензиннің бағасы 11 пайызға өспейді. Ең көп дегенде 5-6 процентке ғана көтерілуі мүмкін. Мұнай газ саласының сарапшысы осылай деп пікір білдірді.

Бүгіннен бастап еліміздің барлық жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттауы керек еді. Үкімет бұйрығы кеше күшіне енсе де, бекеттердің бірі де бағаны өзгертпеді. Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау мен Астанадағы әріптестеріміз отын құю стансаларына барып, бағаларды салыстырып көрді. Әдеттегідей, АИ-92  180-182, дизель 230 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін Үкімет ішкі нарықты тұрақтандырып, көрші елдердегі баға айырмашылығын азайту үшін бензин бағасын 11, ал дизельді 20 пайызға қымбаттатып саудалайтындарын айтқан. 

"Мен болжап отырмын 2-3 күннен кейін дизель отыны тұрақты 295 теңге болады литрі. Бензиннің бағасы 11 пайызға өспейді. Өсетін болса әрі кетсе 5-6 пайыз ғана өседі. Өйткені бензин қазір ішкі нарықта жеткілікті. Керісінше, АИ-95 маркалы бензин небәрі 5 пайызға өсуі мүмкін немесе түсуі мүмкін. Өйткені, 95 маркалы бензинді біз көбінеесе Ресейден импорттаймыз. Ал қазір рубльдің құны теңгеге шаққанда түсіп жатыр", - дейді Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу