Сарапшы: Доллар бағамы 400 теңге болмайды

982

Сарапшы: Доллар бағамы 400 теңге болмайды

Девальвация болады деп дүрлігудің қажеті жоқ! Қазақстан қаржы орталығының мамандары осылай деп ойларын айтты. Себебі мұнай бағасы өсіп келеді. 2 күнге жалғасқан ОПЕК ұйымының келісімі бойынша мұнай экспорттаушы елдер шикізат шығаруды шектеуге уағдаласқан.Тек бір Сауд Арабиясының мәлімдеуінше қыркүйек айында сыртқа тасымалданатын қара маржан көлемі 520 мың баррельге азаяды дейді сарапшылар. Әлемдік мұнай қорындағы запас көлемі қазір едәуір азайып, Брент маркасының құны өсіп жатыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанға пайдасын әкелуде.Төл теңге тұрақталып, нығайып келеді. Ресейге салынып жатқан сансыз санкциялар, әрине кері әсерін тигізді. Алайда айтарлықтай құбылуына сеп болмады. Сондықтан жұрттың жаппай доллар сатып алып, ажиотаж жасауы бекер екен. Ал ел арасында "1 доллар бағамы 400 теңгеден асады" деп желдей ескен әңгіме, тек тұрғындардың қолдан жасап алған ақпараты мыс.

Әліби Нұрбаев, Kazakhstan Financial Center қаржы орталығының бас сарапшысы:

"Біз мұнай баррелінің 53 долларға жеткенін көріп отырмыз. Алайда алдағы уақытта 55 долларға жетуі мүмкін деген болжам да жоқ емес. Ол кезде теңге тіпті тұрақтала түспек. Қазір Қазақстанда мұнай шығаруды сәл де болса шектеген. Сондықтан шикізат бағасы өседі. Бұл ретте доллар кеміп керісінше теңге өседі. Сондықтан доллар 400 ден асады деу қаңқу сөз ғана".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу