Сарапшы ел экономикасы қалай өзгергенін айтты

254

Өткен 7 жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2,3 есеге өсті. 

Сарапшы ел экономикасы қалай өзгергенін айтты Фото: kazinform/freepik

Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық директоры Бақытгүл Қамбар айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшының сөзінше, 2019 жылдан бергі кезең COVID-19 пандемиясы, геосаяси ахуал және әлемдік экономикадағы өзгерістер секілді факторлармен тұспа-тұс келді.

– Өткен 7 жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2,3 есеге өсіп, 2026 жылдың I тоқсанындағы жағдай бойынша 1 661 600 теңгені құрады. Аталған мерзім ішінде жан басына нақты шаққандағы ЖІӨ өсу қарқыны да өскенін байқауға болады. Айталық, 2019 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2005 жылмен салыстырғанда 161,6% артқан. Алайда, 2020 жылы басталған пандемия және басқа факторлар салдарынан 2022 жылы 159,8%-ға дейін төмендеген. Ал 2025 жылы 181,1%-ға дейін өскен, – деді Бақытгүл Қамбар.

Экономистің пікірінше, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14%-ға жетті. Сарапшы келтірген мәліметке сәйкес, 2012-2019 жылдары Қазақстан халқы 1 млн 720 мың 999 адамға көбейсе, 2019-2026 жылдары халық саны 2 млн 105 мың 180 адамға артқан.

– 2019 жылы орташа жалақы – 185 487 теңге, медиандық жалақы – 112 195 теңге болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы - 443 315 тенге, медиандық жалақы - 317 512 теңгені құраған. Демек, 7 жылда орташа жалақы 2,4 есе өссе, табысты нақтырақ көрсететін медиандық жалақы 2,8 есеге артқан, – деді сарапшы.

Бақытгүл Қамбардың пікірінше, 2019 жылы бұл көрсеткіш 13,7% болса, 2025 жылдың қорытындысында 10,1%-ға дейін төмендеген. Осылайша, соңғы он жылда бейресми жұмыспен қамтылғандар үлесі шамамен екі есе азайған.

– Демек, өткен 7 жыл еліміздің дамуының тұрақты негізін қалыптастырудағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттардың алға жылжуының кезекті белесі болды деуге толық негіз бар, – деді Экономикалық зерттеулер институтының маманы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу