Сарапшы: Елімізде қыз-келіншектердің өнеркәсіптегі үлесін арттыру керек

628

Елімізде ірі өнеркәсіптік бизнеспен айналысатын қыз-келіншектердің қатары аз, деп хабарлайды Atameken Business.  

Сарапшы: Елімізде қыз-келіншектердің өнеркәсіптегі үлесін арттыру керек

Сондықтан олардың белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Бұл туралы Павлодарда өткен іскер әйелдер форумында, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда кәсіпті нәсіп еткен нәзік жандардың 70 пайызы, шағын және орта бизнестің айналасында жүр. Олардың өндірістік ортада белсенділігін арттыру үшін, ресурстық орталықтардың маңызы зор. Мұндай ұйымдар биыл үш аймақта ашылды. Келер жылы тағы 14 өңірде бой көтереді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу