Сарапшы: Инфрақұрылымға аудит жасау керек

482

Жақсы интернет болуы үшін жақсы инфраструктура болуы керек.

Сарапшы: Инфрақұрылымға аудит жасау керек Фото: ttower.ru

Ауылдағы ғаламтордың кілтипаны кесірлі коронавирустың кезінде шыға бастады. Бұл ретте сабақты онлайн оқу үшін талға өрмелеп, шатырға шығуға мәжбүр болған оқушылардың нала-мұңы әлі күнге есте. Бұдан сабақ алып, жауырды жаба тоқығанымен, түпкі түйіткілдің түйіні тарқамайтынын да жақсы түсіндік. 

Осы орайда отандық Big Data қауымдастығының президенті Сергей Ахметов мынадай пікір білдірді. Айтуынша, әлемжелі мәселесін шешу үшін елдегі инфрақұрылымға аудит жүргізіп, "ақты ақ, қараны қара" деп айту керек. Сарапшының сөзіне қарағанда, 2,5 жыл министр креслосында отырған Мусиннің өзі ахуалды 100 пайыз білмейтін көрінеді.

"Бүгінде интернет күнделікті қатынас құралы әрі тіршіліктің ажырамас бөлігіне айналған. Сондықтан оның жоқтығын немесе сапасының нашарлығын өтірік есептер арқылы жасырып қалу мүмкін емес", - деді Ахметов Atameken Business тілшісіне берген сұхбатында.  

"Шынайы көзқараспен қарау керек. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында. Ауылдар шашыраңқы. Ол да қиын мәселе. Шындық картина керек. Өйткені олар 2-3 ауылдың ортасына станция қоя салады, сосын барады да, бір екі адамды түсіреді, ой бізде интернет жақсы деп, көшеден біреуді ұстап алып. Жақсы интернет болуы үшін жақсы инфраструктура болуы керек. Ал ол қандай жағдайда? Ол жағынан ешқандай мәлімет ала алмаймыз", - деді Қазақстандық Big Data қауымдастығының президенті Сергей Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу