Сарапшы: "Йакын Инкар" пәкістандық киіммен көшеде ашық жүреді

9317

Қырғызстандық теолог Қадыр Маликов "Әлем тынысы" бағдарламасында Алматыдағы оқиғаға "Йакын Инкардың" қатысы бар-жоғы туралы пікірімен бөлісті, деп жазды inbusiness.kz.

Сарапшы: "Йакын Инкар" пәкістандық киіммен көшеде ашық жүреді

"Қазақстанда "Таблиғи жамағатқа" да, "Йакын Инкарға" да жатпайтын көптеген ұйымдар бар. Өйткені "Йакын Инкар" мүшелері пәкістандық киіммен көшеде ашық жүреді. Оларды бірден байқауға болады. Бірақ бұл адамдар ("Йакын Инкарға" да жатпайтын көптеген ұйымдар - ред.) сақалын қырып тастайды. Оларда "тукья" деген түсінік бар. "Тукья" деген дінін, идеологиясын жасыру. Исламнан бас тартуға немесе мүлдем зайырлы өмір салтын ұстануға дейін барады. Бұл идеология ДАИШ-пен тікелей байланысты. Бұл сол идеология", – деді сарапшы. 

"Бұл топ мүшелерінің Алматыдағы лаңкестік әрекеттерге қатысты болуы мүмкін бе" деген сұраққа: "Теориялық тұрғыдан мүмкін. Бірақ идеологиялық тұрғыдан емес", – деді теолог. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу