Сарапшы: Кәсіпорындар ашық бәсекеге шыдай алмайды

903

Сарапшы: Кәсіпорындар ашық бәсекеге шыдай алмайды

Сарапшылар отандық бизнес өкілдерін әлеуметтік маңызы бар нысандарды игеруге  дайын емес деп есептейді, деп хабарлайды abctv.kz.

Жекешелендіруге қатысты сарапшы Сергей Киселев: "Отандық бизнес өкілдерінің әлеуметтік маңызы бар нысандарды сатып алуға  дайын емес екенін үкімет жақсы біледі. Жылу мекемелерін  Белгияның "Трактабеліне" беріп,  аузы күйіп қалған үкімет бұл жолы медициналық клиникаларды шетелдіктердің басқаруына ұсыну арқылы үлкен тәуекелге барып отыр", – деген күдігін айтты.

Ал денсаулық сақтау саласына қатысты мекемелердің, халыққа жылу, жарық таратумен айналысатын нысандардың жекешелендірілуіне қатысты әлеуметтанушы Расул Жұмалы: "Бұрын "Самұрық-Қазына" әл-ауқат компаниясының қамқорлығында жүріп дайын тапсырысқа үйреніп қалған кәсіпорындар ашық бәсекеге шыдай алмайды. Кейбірі сатып алған нысандарын тойхана немесе сауда үйіне айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Мен олигархтар мемлекет меншігіндегі нысандарды арзан бағаға  сатып алып, кейін мемлекетке қымбат бағаға  сата ма деп қорқамын. Өйткені біз мұндайды бастан өткергенбіз", – деген пікірде.

Айта кетсек, 2018-2020 жылдар аралығында жекешелендірілуге тиіс нысандардың 90%-ы - коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер. Олардың қатарында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы сатуға шығаруды жоспарлап отырған 27 кәсіпорны, "Қазақфильм" киностудия­сы, денсаулық сақтау және халықты жылумен қамту нысандары бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу