Сарапшы: Қазақстан астығына Ираннан сұраныс жоғары

937

Сарапшы: Қазақстан астығына Ираннан сұраныс жоғары

Еуразиялық экономикалық одақ елдері экспорт әлеуетін көтергісі келсе, бірге жұмыс істеуі керек. Мәселен, астық экспортын алсақ, Қазақстан мен Ресей бәсекеге түспей, бір-біріне қарсы әрекет етпеуі керек. Сонда ғана қос мемлекеттің сыртқы нарықтағы табысы еселене түспек. Экономист Сапарбай Жұбаевтың пікірі осындай, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшының айтуынша, біз импорттап отырған шикізатты тиімді пайдалана алсақ, жаңа сауда серіктестерімізге жаңа нарыққа шығуға жол ашылады.

"Астық туралы айтсақ, бүгінде біз Ресейден кейбір ұн өнімдерін импорттап отырмыз. Соған қарамастан, Қазақстан астығына сұраныс жоғары. Бірақ көрші елден кей тәтті тоқаш, піспенан түрлерін сатып алдық деп оларға экспортталатын ұн көлемін арттырудың қажеті жоқ. Керісінше, біз жаңа нарықты көздегеніміз жөн. Қай елде астыққа сұраныс бар. Сол елдің нарығын зерттеп барып, сол бағытқа бет бұрғанымыз абзал. Мысалы, Араб елдері, Иран Қазақстан астығына құда түсіп отыр. Ол елдердің әлеуеті зор. Сондықтан біз осындай тиімді әрі табысы мол нарық үшін жұмыс істеуіміз керек", - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу