Сарапшы: қазақстандықтар әр айдың соңында микроқаржылық ұйымнан қарыз алып күнелтеді

477

Ай соңында азаматтардың шағын несие алуға өтініштері 10%-15%-ға өседі, деп жазады inbusiness.kz Zaimer.kz қысқа мерзімді онлайн несиелер қызметінің талдау орталығына сүйеніп.  

Сарапшы: қазақстандықтар әр айдың соңында микроқаржылық ұйымнан қарыз алып күнелтеді Фото: inbusiness.kz

 "Әр айдың соңғы аптасында шағын несие алуға өтініштер саны орта есеппен 10-15%-ға артады", - дейді сарапшылар.

 Деседе 8 наурыз қарсаңында микрозайм көмегіне жүгінетіндер саны бірқалыпты көрінеді. Соңғы Қарыз алушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижесі бойынша соңғы екі жылда сұраныс ай соңында, 17-19 наурыз қарсаңында жоғарлаған. 

 Ал қаңтарда шағын несиеге сұраныс орташа деңгейден 5%-10%-ға төмендесе, қараша мен желтоқсанда өтініштер саны 20%-ға артқан.

 Ақпан айында қысқа мерзімді шағын несие алуға өтініштер саны 1,5%-ға өсті, орташа сұралған сома тарихи максимумға – 93,5 мың теңгеден 98,3 мың теңгеге көтерілді.

 Жыл басынан бері шағын несие алуға өтініш білдіргендердің арасында ер адамдардың үлесі 60% болса, олардың интернеттегі белсенділігі одан да жоғары - 65%, делінген зерттеуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу