Сарапшы қызылшаның өршу себептерін атады

2023 жылы әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Сарапшы қызылшаның өршу себептерін атады Фото: dnkom.ru

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының" басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қызылша әлемнің 80 елінде жойылды деп жарияланған. Мысалы, АҚШ-та 2000 жылы осындай дерек тіркелді. Алайда пандемия кезінде жағдай өзгерген. 

"Қызылшаға қарсы вакцинациямен қамтудың төмендеуі, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде, бүкіл әлемде, оның ішінде қызылша жойылған елдерде аурудың өршуіне себеп болды. Әлемде 2022 жылдан бастап 150 елде қызылша бойынша 155 мыңнан астам жағдай тіркелді, 2023 жылы әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген", - деді Манар Смағұл. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу