Сарапшы: мұнай бағасы 75 долларға дейін арзандауы мүмкін

484

Мұнай бағасы биыл 75 долларға дейін арзандауы мүмкін. 

Сарапшы: мұнай бағасы 75 долларға дейін арзандауы мүмкін  Фото: egemen.kz

Мұндай болжамды мұнай-газ саласы бойынша сарапшы Рашид Жақсылықов айтып отыр. 

Сарапшының сөзінше, жыл бойы қара алтын 75 пен 90 доллардың арасында құбылады. Ресей мен Украин арасындағы текетірес кесірінен ғасырлар бойы қалыптасқан траспорттау тізбегі бұзылды. Айналма жолдар қалпына түспейінше, мұнай бағасы құбылмалы болады. Ең ерте дегенде 2024 жылға қарай барлық тізбек тұрақталғанда, мұнай бағасы көтерілуі мүмкін. Болашақ 2-3 жылда қара алтынның 100  доллардан асқанын көріп қалуымыз мүмкін.  

"Қаржы институттары биылдан бастап, мұнай-газды жандандыруға ақша бөлеміз деп жатыр. Ол мұнайға сұранысты ұлғайтады,  мұнайдың бизнес ретінде қызығушылық тудыруы қымбатшылыққа әкеледі. Мұнайға тепе-тең келетін, пара-пар болатын, баға түсіп кеткен мұнайдан түсіп отырған пайданын орнын жоқтатпайтын сала аша аламыз ба, жоқ па, мәселе осында", дейді Мұнай қызметтері бойынша компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов. 

Айтпақшы, Еуропа елдері Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан алатын қара алтынның көлемін көбейтті. Германияға жіберілген 20 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясы ресейлік "Транснефть" магистраліне бүгін құйылды. Бұл партияны жөнелту қаңтардан бері белгісіз себептерге байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген. "Транснефть" магистралі жөнелтетін шикізат немістің Шведт қаласындағы мұнай өңдеуші зауытқа құйылады. Еліміз биыл Германияға 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу