Ол мұны елдегі бас аграрлық eldala.kz сайтына берген пікірінде айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сала сарапшысы бағаның қымбаттау себебіне тоқталып, негізгі шығындарды жіпке тізеді. Сондай-ақ, нақты есептеу арқылы нарықтағы сиыр етінің шынайы бағасын жариялап отыр. Әлбетте, жем-шөп бағасының көтерілуі еттің қымбаттауына әкеліп соғатыны түсінікті жайт.
– Бұқаны екі жыл өсіру үшін 10 тонна шөп қорын қалыптастыру керек. Жазда 1 тонна шөптің орташа бағасы 50 мың теңге шамасында болатын. Бұл жағдайда ауыл тұрғыны 10 тонна шөп үшін 500 мың теңге жаратуы керек еді. Нақтылайық, бұл сойыс салмағы 177 келі болатын бір бас ірі қараға арналған. Шөптің құнын (500 мың теңге) ұшаның салмағына (177 келі) бөліп, 1 келі етке шаққандағы шөп мөлшерін аламыз. Сонымен, 500 000 : 177 = 2825 теңге. Яғни, тек шөптің құны 1 келі ет құнының 2825 теңгесін құрайды. Әртүрлі дерек бойынша, сиыр етінің жалпы құнының 50-70%-ын шөп құрайды. Кері есептесек, 1 келі сиыр етінің құны 4035 теңгеден 5650 теңгеге дейін екенін байқаймыз. Аз соманы алсақ, 4000 теңге болады. Бұл – 1 келі сиыр етінің құны, – деп түсіндіріп өтті ол.
Сондай-ақ, Төлеутай Рахымбеков ет бағасына қымбаттауына делдалдардың да әсері көп екенін айтты. Ет сүйекпен сатылса, баға төмендейді. Бірақ, сиыр етінің бағасы әлі де артуы мүмкін екені айтылады.
Бұған дейін ет бағасы осыған дейін жасанды түрде арзан болып келгені туралы материал жариялаған едік.