Жақында Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі 2022 жылғы үздік университеттердің тізімін жариялады. Оған қазақстандық 14 жоғары оқу орны енді. Алайда Яков Воронков аталған рейтингке күмәнмен қарайтынын жеткізді.
"QS рейтингіндегі 40% құрылым университеттің академиялық беделінен тұрады. Оны анықтау үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізіледі. Яғни оқу орындары сарапшылармен жұмыс істеп, өзін мадақтауды, жақсы пікір жазуды сұрайды. Ал 20% құрылымы – оқытушыларлың дәйексөзі. Жақында ғана Мәскеудегі оқу орнының бірі мақтап мақалалар жазумен айналысатын зерттеуші оқытушыны "сатып" алғаны белгілі болды. QS рейтингінде жұмыс берушілерден де сауалнама алады. Дегенмен бұл рейтингтің әділдігіне қатысты сұрақтар көп", - деді Яков Воронков Media Club Qazaqstan платформасында өткен жиында.