Сарапшы: Ресейден әкелінетін тауарлар қымбаттайды

801

Бұған себеп рубльдің теңгеге шаққандағы бағамының өсуі.

Сарапшы: Ресейден әкелінетін тауарлар қымбаттайды

25-сәуір рубльдің теңгеге (USDRUB) шаққандағы кросс бағамы 4%-дан астам өсіп, 1 Ресей валютасы 6,1 теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл 2021 жылдың 24 қазанынан бері ең жоғары көрсеткіш.  

Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс басталғаннан кейін кросс-бағам бір рубль үшін 3,5 теңгеге дейін түсті.

Экономист Ғалымжан Айтқазин соңғы өзгерістерден кейін Ресейден әкелінетін тауарлар қымбаттайды деп есептейді. 

“Кросс-бағамның мұндай динамикасы ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттап жатқанын білдіреді. Енді Ресейден әкелінетін тауарлар да қымбаттап, түптеп келгенде отандық бизнестің шығындары артады”, – деп жазды сарапшы өзінің Телеграм арнасында. 

Экономистің сөзінше рубльдің жасанды нығаюы теңгеге қысым көрсетуде. 

“Жағдайдың бүкіл парадоксы сол Украинадағы жағдайдан бұрынғыдан да күшейген рубльдің жасанды нығаюы теңгеге қысым жасауда. Басқаша айтқанда, кросс-бағам теңгенің рубльден кейін АҚШ долларына қатысты да нығайғанда ғана тұрақты болады. Мұндай үрдіс қазақстандық импорт құрылымында жетекші орын алатын Ресейден келетін импорт құнының өсуі арқылы отандық бизнеске кері әсер етеді”, – деді сарапшы. 

Айта кететіні, 2021 жылы Қазақстанға шетелден шамамен 41,2 млрд долларға тауар импортталды. Елімізге әлемнің 182 мемлекеті өз өнімін тасымалдайды. Бірақ бұл ретте негізгі жеткізуші Ресей болып табылады, оның үлесіне транзакциялардың үштен бірі (17,3 млрд доллар) тиесілі.

Ал Қазақстан қор биржасындағы 25 сәуірдегі күндізгі сауданың қорытындысы бойынша рубль бағамы 5,98 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындары Ресей валютасын 5,25 теңгеден сатып алып, 5,5-6 теңгеден сатуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу