Сарапшы санкция жарияланған банктердің Қазақстандағы клиенттеріне кеңес берді

1570

Расул Рысмамбетов қазіргі жағдайда депозиттегі қаражатты бағалы қағаздар сатып алу үшін жұмсамау керектігін ескертті. 

Сарапшы санкция жарияланған банктердің Қазақстандағы клиенттеріне кеңес берді

Соңғы оқиғаларға байланысты АҚШ пен Еуропа елдері Ресейдің бірнеше қаржы ұйымына санкция жариялағаны белгілі. Бұл ретте белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов аталған банктердің Қазақстандағы клиенттері қаржылық қиындықтарға тап болмас үшін бірнеше кеңес берді, деп жазды inbusiness.kz.

"Құрметті Қазақстандағы санкциялық банктердің клиенттері, қазір ресейлік бірнеше банктің еліміздегі филиалдары санкцияға ілігеді деген ақпараттар тарауда. Ал олардың барлығында қазақстандық клиенттер бар. Санкцияланған банктердің клиенттері, егер сіз өз ақшаңызды аударғыңыз келсе, онда банктерді, қайда аудару және қандай валютаға аудару керегін мұқият таңдаңыз", – деп жазды сарапшы. 

Сонымен қатар ол доллардағы аударымдар аударылған шотқа жететініне кепілдік бермейтінін ескертті. Ал теңгеде сақталған қаражатты еш қиындықсыз аударуға болады. Сондықтан ол долларды түбіртек арқылы немесе қолма қол шешіп алу арқылы басқа қаржы ұйымына салу керек деп есептейді. 

"Ешбір жағдайда депозиттегі қаражатты бағалы қағаздар сатып алу үшін жұмсамаңыздар. Қазіргі уақытта ешқандай тәуекелдерге баруға болмайды. Депозитті шешіп алып, басқа банкке апарып салған абзал. Елдегі банктерге Ресейлік банктердің Қазақстандағы бөлімшелерінен депозиттерді жедел қабылдау үшін жұмыс топтарын құруды ұсынамын. Бәсекелестікке уақыт жоқ, біз өз азаматтарымызға көмектесуіміз керек", – деп жазды сарапшы өзінің Телеграм желісіндегі арнасында. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу