Төртінші тоқсанда теңге бағамы тұрақты болған жағдайда баспана нарығында баға әрқилы бағытта өрбиді: қайталама нарықтағы үйлер арзандаса, жаңадан салынған үйлердің бағасы тұрақталады, деп хабарлайды naryk.kz.
Сарапшылардың пікірінше, күздің басында Астанадағы шаршы метр бағасы 1,7% қымбаттап, 325,9 мың теңгеге жетсе, Алматыда 4,6% қымбаттап, 365,6 мың теңгеге көтерілді. Ал Шымкентте баға 3,1% қымбаттап 203,8 мың теңгеге жетті. Қарағандыда бұл көрсеткіш 7,7% көтеріліп, 194,9 мың теңгеге жетті.
"Қыркүйекте әдетте баға осылайша айтарлықтай өзгеріске түседі. Оған себеп жаз айларындағы бәсеңдеуден кейін жыл соңына қарай нарықтың қайта жандануынан дәмелену", - дейді онлайн қызметтің басқарушы серіктесі Мария Рен.
Оның айтунша, бағаның өзгеруіне одан бөлек теңге бағамының 2 пайызға әлсіреуі әсер еткен.
"Әлі де болса кей сатушылар бағаны доллармен есептейді, сондықтан теңгенің әлсіреуі бағаның қымбаттауына алғышарт болып отыр", - дейді сарапшы.
Сарапшының айтуынша қыркүйекте Астанададағы баға өскенімен, Алматыда керісінше сәл арзандаған.
Сонымен қатар сарапшы жыл соңына дейін элиталы үй бағасының айтарлықтай өзгеріске түсе қоймайтынын алға тартты.