Сарапшы зейнетақы қаражатын тиімді пайдаланудың екі жолын ұсынды

676

Сарапшы зейнетақы қаражатын тиімді пайдаланудың екі жолын ұсынды

Зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын азаматтар қалай жұмсауды өздері шешуі керек. Мұндай пікірді қаржы саласының сарапшысы Төлеген Асқаров айтты. Сарапшы зейнетақы қаражатын тиімді пайдаланудың екі жолын ұсынды. Біріншісі, медициналық қызметтерді төлеуге пайдалану. Әлемдік тәжірибеде, салымшының медициналық қызметтерге ақшасы жетпесе, қаражат емханының шотына аударылады. Дегенмен, салымшының жинаған қаражаты белгілі мөлшерден көп болуы керек. Мысалы, ер адамдар үшін 8 млн-нан , ал әйелдер үшін 9 млн-нан жоғары болуы шарт. Сарапшының айтуынша, зейнетақы қаражатын тиімді пайдаланудың екінш жолы депозитке салу. Себебі, қазіргі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табыстылығы өте төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу