Сарапшылар доллардың арзандау себебін түсіндірді

430

Осы айда  доллардың бағамы 12 теңгеге арзандаған.

Сарапшылар доллардың арзандау себебін түсіндірді Фото: Ашық дереккөзден

Сарапшылар көкқағаздың құлдырауына себеп болған бірнеше факторды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Десе де, бұл үрдіс ұзаққа бармайды деп отыр. Теңге қайта әлсіреуі мүмкін.

Бүгінгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,5 теңгеге өсті. Алайда, соңғы бір айда америка валютасы 12 теңгеге арзандап, 440 теңгеге дейін түскен. Сарапшылардың сөзінше, ұлттық валютаның күшеюіне екі себеп бар, алғашқысы, экспорттаушылардың салық төлеу аптасы  және мұнай бағасының өсуі. Сондай-ақ, Ұлттық банктің ауызша интервенциясы да нарыққа айтарлықтай әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу