Сарапшылар ең қауіпті кілт сөздерді атады

1205

Avira антивирусын жасаушылар кибер шабуылдар бойынша зерттеу жүргізген. 

Сарапшылар ең қауіпті кілт сөздерді атады

Мамандардың пікірінше, ең жеңіл ашылатын логин мен кілт сөз – ол ешбір сан мен әріптің көрсетілмеуі екен. 

"Алаяқтар логиннің орнын бос тастау арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізе алады. Бұл admin\admin тіркесінен де жиі кездеседі", – дейді антивирус сарапшысы Хамидреза Эбтехадж. 

Деректерді алу үшін мамандар жүйелік белгі беретін арнайы бағдарлама жасаған. Нәтижесінде хакерлер жиі пайдаланатын  айла-тәсілдер анықталды.  

Зерттеу қорытындысына сәйкес интернет алаяқтарының 25,6%-ы логин мен кілт сөзді жазбай, олардың орындарын бос қалдырған. Ал тағы 24%-ы "admin\QWestM0dem", "admin\airlive", "admin\admin", "support\support" және "root\root" тіркестерін енгізген. 

Сондай-ақ сарапшылар, хакерлер кез келген гаджетті әп сәтте-ақ кибер шабуыл жасау арқылы  бұзып, жеке ақпараттарға қол жеткізе алады, дейді. Оны тіпті құрылғы иесі аңғармай да қалуы мүмкін. Сондықтан, барынша күнделі кілт сөз орнатқан абзал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу