Сарапшылар: Қазақстан экономикасы алдағы бір жылда қалпына келмейді

1657

Өйткені қазақстандықтардың қаржылық жағдайы 2016-шы жылғы дағдарыс кезіндегі күйге түсті.  

Сарапшылар: Қазақстан экономикасы алдағы бір жылда қалпына келмейді

Қазақстан экономикасы алдағы бір жылда қалпына келмейді. Бұл туралы Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылар айтты. Мамандардың болжауынша, девальвация тамызда да жалғасады. Төл валютамыз бір айда 423, ал бір жылда  440 теңгеге дейін құлдырауы мүмкін. Алайда, халық арасында айтылып жүргендей  500 теңгеге дейін төмендемейді. Өйткені, Ұлттық банк бұған жол бермейді. Реттеуші мен үкіметтің сыртқы шоктарға қарсы құралдары бар. Сарапшылар соңғы айларда экономикада баяу өсім байқалғанын айтты. Еліміз дағдарыстың шыңырауынан өтті. Енді, қатаң карантин енгізілмесе, жағдай біртіндеп түзеледі. Экономика дағдарысқа дейінгі қалпына келу үшін кем дегенде 1,5-2 жыл керек.

Ал қазақстандықтардың қаржылық жағдайы 2016-шы жылғы дағдарыс кезіндегі күйге түсті. Халықтың табысы азайып, сатып алушылық қабілеті төмендеген. Тұрғындардың жан басына шаққандағы орташа табысы мамыр айында 108 мыңнан шілдеде 110 мыңға өскен. Алайда, азық-түлік пен тауарлардың бағасы қымбаттап, инфляция 1,8 пайызға ұлғаюы кері әсер еткен.  Қазақстандықтардың жартысына жуығының орташа номиналды табысы үш еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді екен. Бұл әсіресе оңтүстік өңірлерде байқалуда

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу