Сарапшылар Қазақстанда 5G қалай дамып жатқанын айтты

455

Алматы 2 күнге телекоммуникация саласындағы жаңа үрдістер, жасанды интеллект және жаңа шешімдердің орталығына айналды.

Сарапшылар Қазақстанда 5G қалай дамып жатқанын айтты Фото: businessmir.kz

10 елдің өкілі және мыңнан аса қатысушы мен спикерлер Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды халықаралық телеком-саммитінде бас қосты. Форумдағы басты тақырыптардың бірі - 5G технологиясын енгізу. Шара қатысушылары тағы қандай мәселелерді талқылады?

Қазақстанда 5G технологиясын енгізу туралы бірнеше жыл бұрын айтыла бастады. Бүгінде жаңа технология еліміздің 4 қаласында өрістеген. Айта кетейік, 5G желісіндегі алғашқы қадамды Кселл киелі Түркістаннан бастаған.  Сарапшылардың айтуынша, 5G бұл жоғары жылдамдықтағы байланыс құралы  ғана емес, сондай-ақ, ол бизнес процесті жақсартуға септесетін мықты қозғаушы күш. Оған қоса, жаңа технология өндірісте автоматтандырылған жүйемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

"Бұл интернет жылдамдығы ондаған есе жоғары болады дегенді білдіреді. Өткізу мүмкіндігі де 10 есеге артады. Сәйкесінше, бұл халыққа да, бизнеске де жаңа мүмкіндіктер береді. Біз бұл технологияға зор сеніммен қарап отырмыз. Бұл әлемде де, біздің елде де болашақ жаңа инновациялық шешімдердің драйвері болмақ", - дейді "Kcell" АҚ басқарма төрағасы                                                           Асхат Өзбеков.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан атап айтқанда Кселл компаниясы 5G технологиясын енгізудің жоғары көрсеткішін паш етті. Соның және бір дәлелі: Қыркүйек айында мобильді оператор 5G жүйесінде FWA коммерциялық өнімін таныстырмақ. Бұл бұрынғы тәсілді алмастыру емес, керісінше сымды интернетке балама болады деп отыр мамандар. Демек, тіректерді орнату, кабельді жүргізу экономикалық тұрғыдан мүмкін емес және ыңғайсыз жерлерде таптырмас шешімге айналмақ. Яғни Радио желі арқылы оптика жетпеген нысандарға жүйрік интернет жеткізуге болады.

"Бұл 5G технологиясы неліктен сұранысқа ие дейсіз ғой? Себебі, қазіргі уақытта тек оптика ғана бере алатын жылдамдықты 5G технологиясы одан да жүйрік түрде қамтамасыз етуге қабілетті. Мамыр айынан бастап FWA өніміне тестілер жүргіздік. Осы уақытта абонеттерге берілетін орташа жылдымдықтың көрсеткіші секундына 400-500 мегабитті көрсетіп тұрды. Бұл кәдімгі үйде, біздің роутер арқылы, вай-фай көмегімен қосылу", - дейді Kcell 5G жобасының директоры Магомедгирей Катиев.                            

Мамандар талқылаған тағы бір маңызды мәселе  байланыс тарифінің қалыптасуы болды. Сарапшылардың пікірінше, 5G желісін енгізу тарифтің өсуіне еш итермелемейді. Сондай-ақ, екі күн бойы конференцияда қазіргі заманауи байланыс технологияларын қолдану кейстері, ақпараттық технологиялардың революциялық дамуы, жаңа технологияларға инвестицияларды қозғайтын жеті тақырып қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу