Сарапшылардың сөзіне қарағанда, келесі жылы да әлемде толық бейбіт орнай қоймайды. Қазірдің өзінде келесі жылы пісіп-жетілетін қақтығыс аймақтары белгілі болған, деп хабарлайды islam.kz.
Швейцарияның бұрынғы елшісі, қазіргі уақытта "Le Temps" мерзімді басылымның шолушысы Франсуа Нордманн келесі жылы ең негізгі қақтығыс аймағы Корей түбегі болатынын алға тартып отыр. Сондай-ақ, Иран мен Саудияның арасында қарулы қақтығыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Ал Әскери дипломаттар лигасының әскери тұрғыдан дипломатиялық талдау және бағалау орталығының жетекшісі Владимир Винокуров саяси шиеленістің қалай өрбитінін жеткізді. Оның айтуынша, Корей түбегінде күштердің қазіргі қозғалыс бағыты өзгермесе, жаңа жылға жетпей-ақ аталған аймақта соғыс оты бұрқ ете қалуы мүмкін. Кез келген сәтте. Бәрібір АҚШ Солтүстік Корея билігін арандатып тынады. Солтүстік Кореяның қазіргі басшысы Ким Чен Ырдың мінезі мен темпераменті арандап қалуға бейім. Қызба, оның үстіне, жас диктатордың соғысты алдымен өзі бастауы мүмкін екенін жеткізді.
Ал Саудия мен Иранға келсек, аймақтағы аса ірі екі мұсылман державасы тікелей қарулы қақтығысқа жол бере қоймайды, өйткені, екі елдің қайсысы жеңсе де, бұл соғыста Израил ұтады.