Сарапшылар Маңғыстауда итбалықтардың неден қырылғанына болжам жасады

289

Баутино ауылының маңында 151 итбалық ұшасы жағаға шығарылған болатын.

Сарапшылар Маңғыстауда итбалықтардың неден қырылғанына болжам жасады Фото: clientearth.org

Бұл туралы Микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ғылыми орталық зертханасының мамандары молекулалық-генетикалық талдау жүргізіп, ми мен өкпе тінінен жаңа вирустық ауру тапқан.

"Барлық үлгілерде вирус болды. Бұл вирустық нейроинфекция. Жануарлардың миында табылған вирус бұл аурудың жалғыз себебі екенін дәлелдейді", – деді Айдын Қыдырманов.

Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованвң айтуынша, ресми мәлімдеме 1 ақпанда жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 24 қазаннан бастап Маңғыстауда итбалықтардың өлімі тіркеле бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу