Сарапшылар теңге бағамы мұнай бағасына қарай анықталады деген пікірде

707

Сарапшылар теңге бағамы мұнай бағасына қарай анықталады деген пікірде

Atameken Business оқырмандарға алдағы 5 күнде теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

Аbctv.kz сауалнама жүргізген сарапшылардың басым бөлігі алдағы аптада теңге бағамы мұнай бағасына қарай анықталады деген ойда. Ол түсінікті де. АҚШ пен Ресейдің Орталық банктері өткен аптада негізгі мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Бір апта бұрын Ұлттық банк те осындай шешім қабылдаған болатын. Өткен аптаның соңына қарай "қара алтын" бағасы барреліне 52 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл жаңалық теңгеге әсер ете қоймаса да, ішкі валюта нарығына үлкен психологиялық әсер берері сөзсіз. Отандық сарапшылардың бірқатары теңге мұнай бағасының көтерілуіне міз бақпай келе жатқан рубльмен қосақталып жылжып келеді дейді.

Наталья Мильчакова, "Альпари" талдау департаменті директорының орынбасары: "АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, бұлай болады деп күтілген еді. Brent маркалы мұнай 2,4%-ға қымбаттап, барреліне 50 доллар көрсеткішінен асып түсті, алайда "мұнай" валюталарына шикізаттың қымбаттауы әрқалай әсер етті. Мұнай бағасы жыл басындағы деңгейіне жете ме, жоқ па ол әлі белгісіз".

Әліби Нұрбаев, "Қазақстан қаржылық орталығы" ЖШС бас сарапшысы: "Санкт-Петерборда өткен ОПЕК мұнай өндірісін шектеуді бақылау жөніндегі комитет отырысында Сауд Арабиясы бірінші тамыздан бастап мұнай экспортын тәулігіне 6,6 млн баррельге дейін қысқартуға дайын екенін білдірді, Нигерия өндіріс көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге жеткізгеннен кейін мұнай келісіміне қосылуға дайын. Осы жаңалықтардың әсерінен кездесуден кейін мұнай бағасы шамамен 3%-ға көтерілді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу