Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы 2023 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасы нәтижелерін ұсынды.
Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді.
Сарапшылардың пікірінше, бағамның ағымдағы нығаюы ұзаққа созылмайды және жылдың басында тұтынушылық белсенділіктің төмендігі мен ақпан айындағы салық кезеңінің өтуіне байланысты сауда балансының жақсаруы ықпалынан маусымдық сипатта болуы мүмкін.
"Наурыз айының басында USDKZT жұбы бойынша орташа бағам бір доллар үшін 460,14 теңге деңгейінде болжанады", – деп болжады сала мамандары.
Сонымен қатар сарапшылардың бағамға қатысты күтілулері жақсарған.
"Ұлттық валютаның нығаюы аясында бағам бойынша күтулер бір жылдан кейін айтарлықтай жақсарды — 491,8 бұрын (-9,6 теңге) көрсеткішінен бір доллар үшін 482,2 теңгеге дейін болады", – деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.