Сарапшылар Трамп пен Путиннің кездесуіне оң баға бермеді

639

Сарапшылар Трамп пен Путиннің кездесуіне оң баға бермеді

Хельсинкиде өткен саммитке баға берген саяси сарапшылар, оған нәтижесіз басқосу деген баға беріп жатыр. Олар Трамп пен Путиннің сұхбаты олардың күн тәртібінде қарастырылған мәселелердің бірде-бірін шешуге дәрменсіз екенін аңғартты, деп хабарлайды Atameken TV.

Алайда журналистермен кездескен қос президент бір-біріне дән риза. Бастапқыда сұсты кейіп танытқан олар, баспасөз мәслихатына жайдары көңіл-күймен келді,

"Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізген ел ретінде, допты өзіңізге сыйлауды жөн көрдім. 2026 жылға жоспарланған шараға сәттілік тілеймін", - деді Владимир Путин кездесуде.

Осылайша көңілді кейіп танытқан тараптар келіссөздер барысында экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ден қоятынын айтты. Алдағы уақытта АҚШ және Ресей бизнесі капитандарының жұмыс тобы құрылады. Сонымен қатар олар Сириядағы дағдарысты реттеу, әлемдік мұнай мен газ нарығындағы бағаны да бірлесіп реттеу тетіктерін қарастырады.

Дегенмен Қытайдың халықаралық зерттеу институтының америка мәселелерімен айналысатын бөлім басшысының айтуынша, бұл бос әңгімеге негізделген нәтижесіз кездесу болды. Ол осы саммит Халықаралық деңгейде салмағы бар дүние болар деп күткенін айтады. Алайда үміт ақталған жоқ. АҚШ Конгресіндегі заңгерлер де Трамптың әңгімесін сынға алып, президент Путинмен сұхбаттасқанда әлсіздік танытты, көп мүмкіндіктерді қолдан жіберді деген пікірде.

"Шыны керек, Трамп не істерін білмей келген адам сияқты көрінді. Бірді айтып бірге кетті. Кездесу барысында жоспарланған мәселелер бойынша ешқандай тұщымды жауап ала алмадық. Солтүстік Корея жетекшісімен Сингапурде өткен саммиті де дәл осылай алаулатып-жалаулатып басталып, соңы сұйылып кеткен. Мынау да соның кебін киетін басқосу", - дейді Қытайдың халықаралық зерттеу институтының директоры Дэн Цзяньцюнь.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу