Сарапшыларды тарта отырып, жоспарда көрсетілген заң жобаларын уақтылы әзірлеу қажет – Бектенов

176

Бүгін Үкімет отырысында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлданды. 

Сарапшыларды тарта отырып, жоспарда көрсетілген заң жобаларын уақтылы әзірлеу қажет – Бектенов Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов ұсынылған Жалпыұлттық жоспар жобасы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталғанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Басты міндет – Жоспар іс-шараларын тиімді және уақтылы орындау. Үкімет пен әкімдіктер экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында белсенді шаралар қабылдайтын болады. Аталған жұмысқа сарапшыларды тарта отырып, жоспарда көрсетілген заң жобаларын уақтылы әзірлеу қажет және терең талдау мен талқылау жүргізу керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қаржыландыру мәселелерін де жете пысықтауды тапсырды. Артық шығындардан бас тартып, бюджет қаражатын бірінші кезектегі және стратегиялық мақсаттарға ғана бағыттау керек. 
 
Мәселені қарау қорытындысы бойынша дауыс беріліп, нәтижесінде Жалпыұлттық жоспар жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу