Саратов облысының Краснокут ауданында аңға шыққан ер адам мерт болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Алқапқа кеп тоқтаған 64 жастағы жергілікті тұрғын көліктің жүк салғышынан екі итін шығарып қоя берген. Шыға сала ойнақтаған иттердің бірі ер адамның қарнына сүйеулі тұрған мылтықтың шүріппесін аяғымен басып қалған.
Оқ жарақатын алған аңшыны ауруханаға жеткізгенімен, арада бір сағат өткенде ол қайтыс болады.
Құқыққорғау органдары оқиғаны мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу