Сарбаз Ербаян Мұхтарға ота жасаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

11241

Бұл туралы сарбаздың адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді.   

Сарбаз Ербаян Мұхтарға ота жасаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: коллаж inbusiness.kz

Әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні негізгі қылмыстық істен бөлек, дәрігерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Бұл іс бойынша да сараптама тағайындалды. Біз де негізгі іс бойынша сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сіздердің қолдауларыңызбен әділдікті талап ете береміз", — деп жазды Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу