Онда мерзімді әскери қызметшілердің 1000-нан астамының әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік міндеттемелерін өтеуді кейінге қалдырғаны айтылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның баспасөз қызметі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтер алмасу мәселесінде мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты, сарбаздарға кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыруды рәсімдеудің уақытылы жүргізілмеу фактілеріне жол берілгенін мәлім етті.
– Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттік міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды. Қадағалау актісі негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, – деп жазылған прокуратура таратқан мәліметте.