Ақтауда сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші сотталды

335

Әскери қызметші өзінің билігін асыра пайдаланды деп танылды. 

Ақтауда сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші сотталды Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Бұл туралы Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, мерзімді әскери қызметші билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. 

"Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті", - деді Талғат Бекбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу