Сардоба су қоймасының тағдыры тексеріс қорытындысына байланысты шешілмек

1042

Екі елдің министрлері техникалық аудит жүргізуге келісті.

Сардоба су қоймасының тағдыры тексеріс қорытындысына байланысты шешілмек

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Сардоба су қоймасына қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысатын техникалық аудит жүргізілетінін айтты.

"Кеше министр Мағзұм Мырзағалиев Шымкент қаласында Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездесіп, Сардоба су қоймасына қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысатын техникалық аудит жүргізуге келісті. Аудит қорытындысы бойынша ол нысанның болашағы жайлы шешім қабылданады", – деп айтып өтті вице-министр.

Сондай-ақ экология вице-министрі қазіргі кезде оңтүстіктегі су басқан аймақта адам өміріне қауіпті ластаушы заттардың жоқ екенін мәлім етті.

"Осы төтенше жағдай басталған күннен бері Түркістан облысындағы су басқан аймақта "Қазгидромет" және экология департаменті мамандары қызмет етуде. Олар судың сапасын күнделікті қадағалап отыр. Бүгінгі күні тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін айтарлықтай зиянды немесе ластаушы заттар жоқ. Бақылау ары қарай жалғаса береді", – деді Ахметжан Пірімқұлов.

Нұржан Көшкін

Фото: effect.uz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу