"Сарқан" клубы командалық жарыстың жеңімпазы

449

Үстел теннисінен командалар арасындағы Қазақстанның ашық чемпионаты мәресіне жетті. 

 "Сарқан" клубы командалық жарыстың жеңімпазы

Қорытынды турнир Астанадағы жаңадан салынған теннис орталығында өтті. Үш күнге созылған жарыс қортындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан команда анықталды. 

Командалар арасындағы Қазақстанның ашық чемпионаты 4 кезеңнен тұрды. 1-лига мен суперлиганың шешуші ойындары Астанада өтті. Алдымен, 1-ші лигада үздік шыққан командалар анықталды. Соңғы екі кезең барысында қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан алматылық "ALGA EXPRESS" және Өзбекстанныңн "ANDIJAN" командалары суперлигаға жолдама алды.

Суперлига жарысы тартысқа толы өтті. Бас жүлде үшін таласта жетісулық "Сарқан" және Қарағанды қаласының "КНТ" командалары өз ара мықтыны анықтады. Бұған дейін өткен 3 кезең барысында үздік шыққан жетісулық команда шешуші кезеңде де ұпай жоғалтпай жеңімпаз атанды. Әлем чемпионы Алан Құрманғалиев бастаған қарағандының "КНТ" клубы күміс жүлдегер атанса, алғашқы үштікті Шымкент қаласының "Сигма" командасы қорытындылады. 

"Нәтижеміз жаман емес. Бірақ, әлі көп жұмыс жасау қажет. Чемпионат көрсеткендей осал тұстарымыз бар. Қарсыластарымның деңгейін білемін. Бір-бірімізбен жиі ойын өткіземіз. Бірақ, маңызды ойындар барысында олар да аянып қалмады. Ең бастысы шешуші кездесулерде үздік шығып жатты. Олардың мықты және жеңіске лайықты команда екенін мойындау керек", деді "КНТ" командасының спортшысы Алан Құрманғалиев. 

Астанада жаңадан салынған үстел теннис орталығы әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдай алады. Спортшыларға барлық жағдай жасалған.

Жарыс аяқталғанан кейін жүзден жүйрік шыққан командалар дипломдармен бірге естелік сыйлықтармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу