Археологтар Ақтөбе маңындағы ескі қорымдардан сармат дәуіріндегі адамдардың сүйектерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Археологтар бір айдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан қорым "Бесоба" деп аталады. Мұнда біздің дәуірімізге дейінгі 5-6 ғасырда, яғни сармат дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйегі табылған. Тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдарға қарап, ауқатты жандардың жерленгенін білуге болады.
"Біздің экспедиция 3 қорғанды қазды. 1 курс студенттері бір апта практикадан өтіп кетті. Енді 3-4 күндік жұмыс қалды. Бұйыртса, қазып бітіреміз. Әбзелдер, адам сүйегі табылды. Өткенді білмей, болашақты болжай алмайсың дейді. Өткеніміз сарматтармен тығыз байланысты", - дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Айман Таумен.