SARS-CoV-2 вирусының таралу жолы зерттеліп жатыр

679

Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясының қандай штаммдары анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

SARS-CoV-2 вирусының таралу жолы зерттеліп жатыр

"2020-2021 жылдары 1 407 сынама зерттелді. Нәтижесінде наурызда британдық Alpha, оңтүстікафрикалық Beta, маусымда үнділік Delta, тамызда нигериялық Eta штаммдары табылды", – деді министр. 

Алексей Цойдың айтуынша, қазір SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралу жолы зерттеліп жатыр. 

"Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізуді жалғастыра береді", – деді Алексей Цой. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу